Атырауда сабағына қарапайым қорап пен айнаны пайдаланып, танымал болған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі бар. 26 жастағы Ислам Қадыров әлеуметтік желіні өзінің жаңашылдығымен дүр сілкіндіріп, Қазақстандағы үздік деген 10 шақты білім ордасына жұмысқа шақырту алды. Бірақ ол өзінің озық тәжірибесін ауыл балаларының игілігіне жұмсағалы отыр.
Ислам Қадыров, №41 Ә.Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пән мұғалімі:
Әлеуметтік желіде ең алғашқы бір сабағымның әдіс-тәсілін салған болатынмын. Яғни, айна арқылы сабағымды өткіздім. Сабақтың барысында айнаны жәй ғана аяқ киімнің қорапшасына салып, «Өзімнің сүйікті оқушым кім?» деген сияқты оқушыларға сұрақ қойған болатынмын.
Содан кейін балалардың қорапшаның ішіндегі айнаны көріп, сүйікті оқушысы кім дегенде өзін көру арқылы шынайы эмоциясын көрсете алды. Сол видео TikTok әлеуметтік желісінде жақсы қаралым жинап, көрерменнің көзайымына айналды. Одан кейін басқа да әлеуметтік желілер, үлкен пабликтер елге танымал сол өздеріне алып кетіп әрі қарай танымалдыққа ие болды. Жалпы осы әлеуметтік желі қолдану арқылы, видео түсіру арқылы, сұраныс пен ұсыныстар қатар жүріп келе жатыр. Сұраныс өте көп. Егде жастағы үлкен кісілер де кішкентай балаға дейін ағылшын тілін оқуға да және басқа қалаларға жұмысқа шақыру ұсыныстары өте көп. Жас мамандар маған жазып жатады.Көмек қажет, осындай жоспар құрғанда мына жерін түсінбей жатырмын деген секілді. Қолымнан келгенше көмектесем. Осы әлеуметтік желі арқылы көптеген жас мамандармен танысып, дос болып кеттім.
Білім саласындағы басты алатын әдіс-тәсілім бұл емін-еркіндік. Баланың ойын арқылы сабаққа қызықтыру, және де ешқандай бір сабаққа жаңаша бір әртүрлі түсті көрнекіліктер пайдаланбай-ақ қарапайым қарандаш, айна, қорапша деген секілді ойдан қандай бір әдіс келеді, соны ойлап, сол жерден өткізе саламын. Сабаққа балалардың қызығушылығы өте жоғары. Жаңадан келген оқушылар бар ешқандай әріп білмейді. Тілі келмейтін оқушылар бар. Бірақ тырысады. Өздерінің үйге берген тапсырмасынан интернеттен тыңдалым арқылы қарап, транскрипциясын жазып.
Бұрын мен елеусіз жай ғана мұғалім едім. Қазір көптеген жетістікке жеттім. Қала, облыс, республикалық журналдарға сайыстарға шығып жатырмын. Атап өтетін болсам, осы жақында «Облыстың үздік сынып жетекшісі-2022» байқауының жеңімпазы атандым.
Мақсатым - оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуі. Алдағы жобаларымды іске асыру үшін жақсы бір демеушілер болса, мен ауылдағы, шалғай жатқан ауыл бір жобаларымыз бар.
Жандос Темірғали