«Құнанбай» фильмі көрерменге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құнанбай» фильмі көрерменге жол тартты

16.05.2015
«Құнанбай» фильмі көрерменге жол тартты

«Құнанбай» фильмін қоғам қайраткерлері, ел ағалары мен халық қалаулылары көпшілікпен бірге тамашалады. Бір адамның өмірі арқылы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы жан-жақты терең суреттелген фильм көрермен қауымның көңілінен шықты.

Сонымен қатар, ел ағалары айтулы туынды әлі де жалғасын табу керектігін, Құнанбай сынды ұлы тұлғалардың бейнесінің бір фильммен ашылмайтындығын жеткізді. «Құнанбай» - Қазақстан Республикасының халық әртісі, режиссер Досхан Жолжақсыновтың тарихи тұлғаларға арналған «Біржан сал» фильмінен кейінгі екінші туындысы.  

Хабарламаларға жазылу