Алдағы сайлаудың қандай артықшылықтары бар?
Алда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын үміткерлерге артылар жауапкершілік көп. Өйткені халықаралық геосаяси жағдайдың ушығып тұрған кезінде Қазақстан үшін саяси және экономикалық тұрақтылық аса маңызды.
Дидар Ділдәбек, оқытушы:
Халықтың сенімін, билік өкілдеріне және саяси институттарға деген сенімін арттыратын үлкен сайлау болады деп өз басым есептеймін. Бұл дүниелердің барлығы халық арасынан шығып жатқан халықтың қалаулыларының үлкен бір мінберлерден көрінуіне септігін тигізетін дүние болады деп айта кеткім келіп отыр.
Дана Білдебаева, студент:
Жаңа партиялардың келіп жатқанын байқаймыз. Бұл дегеніміз, бәсекелестікке қабілеттіліктің тағы бір көрінісі ретінде байқалады. Тың өзгерістер өте көп. Сонымен қатар жастарға да, жастар саясатына да жаңа өзгерістер, жаңа леп алып келеді деген сеніміміз кәміл.
Талғат Уәлиев, оқытушы:
Супер президенттік емес, президенттік, парламенттік жүйеге көшу. Сондықтан Парламенттегі депутаттардың үнін жоғары билікте еститін болады. Сондықтан бұл жолғы Парламенттің депутаттарына халықтың сенімі үлкен болуы керек.
Айтолқын Тоқтасынқызы, студент:
Биылғы сайлаудан үлкен үміт күтеміз. Сонымен қатар жастар саясаты жағына да үлкен көңіл бөлінеді деген ойдамын.
Нұртуған Мәжит, студент:
- Бұл сайлауға 7 партия қатысайын деп отыр. Сол 7 партияның екеуі – жаңа саяси нормалар қабылдағаннан кейін тіркелген партиялар. Халықтың жағдайын жасайтын, жастардың жағдайын жасайтын партиялар, депутаттар сайлауға қабылданады деген үлкен сеніміміз зор.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03