Еуропа жұртшылығы Түркия мен Сирия халқына жылу жинап жатыр
Түркия мен Сирия халқына Бельгия халқы да көмек қолын созып жатыр. Брюссельдегі көрме орталығында азаматтық қоғам өкілдері жылу жинауды бастады. Әлеуметтік желілерден хабарландыруды оқыған тұрғындар азық-түлік, киім-кешек пен көрпе-төсек әкеліп, қос елдің халқына рухани демеу көрсетуге тырысып бағуда. Жұрт әкелген заттарды жүздеген ерікті рет-ретімен сұрыптап, арнайы қораптарға салып жатыр. Жылу жинау ақпанның 19-на дейін жалғасады.
Ипек Текдемир, Брюссель қаласының тұрғыны:
Менің екі көкем Түркияда үйінділердің астында жатыр. Дәрігер әкем зардап шеккендердің өмірі үшін арпалысуда. Елден жырақта жұмыс істейтін менің қолымнан келетіні тек осылай жылу жинауға көмектесу. Түркия, Сирия халқына дұға етеміз. Бұл қасіреттен тезірек сауығып кетуді тілейміз.
Севкет Темиз, Брюссель қалалық парламентінің депутаты, гуманитарлық көмектің үйлестірушісі:
Бельгиядағы Түркия елшілігімен байланыстық. Бүгін олар ең қажетті деген заттар қалың киімдер, көрпелер мен дәрі-дәрмекті ұшақпен жібереді. Түркияда дәрі тапшы деген соң осы жақтағы ауруханалардан біраз препараттар алдырттық. Қалған заттар жүк көліктеріне тиеліп, тас жолмен жеткізіледі.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09