Түркияда хабарсыз кеткен бір қазақстандық табылды
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен бір отандасымыз табылды. Бұл туралы бауырларын іздеу үшін Түркияға аттанған Алмат Құрмашев хабарлады. Оның сөзінше, Сабина Мамадиярова үйінді астында қалған. Жағдайы қалыпты. Құтқарушылармен тілдескен. Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков та сол маңда болуы тиіс деген болжам бар.
Еске салайық, зілзаладан кейін қазақстандық үш азаматпен байланыс үзілген. Ешқандай хабар-ошар болмағанына алаңдаған туыстары бүгін таңертең Түркияға жол тартқан еді. Олар Газиантепке жетіп, ары қарай Хатай қаласына жолға шыққан.
Алмат Құрмашев, Мирболаттың інісІ:
Хатай қаласында тұрақтаған мекенжайды анықтадық. Олар түнеген тұрғын үй мен көлікті де таптық. Өкінішке орай, ғимарат түгел құлап қалған. Қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Бірер сағатта біз де ол жерге жетеміз. Жолай ауруханаларды да қарап шығамыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент орта білім беру жүйесіне ЖИ-ді енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
12.05.2026, 20:01
Семейлік жастар шаһар маңын тазалады
12.05.2026, 17:37
Өскеменде ерлік рухы дәріптелді
12.05.2026, 17:33
Соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
12.05.2026, 17:30
Бүгін - Медбикелер күні
12.05.2026, 17:27
Елордада робототехникадан V халықаралық чемпионат басталды
12.05.2026, 17:25
Ербол Шаймерденов – қаламы төгілген журналист
12.05.2026, 17:22
«Бүкір» романының авторы өмір бойы стипендия алады
12.05.2026, 17:20