«Amanat» партиясы құжат тапсырды
Сайлауға 39 күн қалды. Партиялар Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырып жатыр. Бүгін де бірнеше саяси ұйым қағаздарын өткізді.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Бүгін таңғы 09:30-да Respublica партиясы құжатын өткізді. Одан кейін «Amanat» партиясының өкілдері келді. Атқарушы хатшы Елнұр Бейсенбаевпен бірге оның жақтастары, атап айтқанда Айдос Сарым, Жанарбек Әшімжан, Мұрат Әбенов те келді. Олар қалың қағаз құжатын өткізді. Бұл түсінікті де. Себебі «Amanat» - үміткерлер саны ең көп партия. Заңға сәйкес олардың өмірбаяны, өтініші жалпы саны 7 түрлі құжат комиссия қарауына берілуі керек. Кешегі съезде «Amanat» Мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша 90 үміткерді бекіткені белгілі. Бұдан бөлек, бір мандатты округтер бойынша 29 «аманаттық» додаға түседі. Елнұр Бейсенбаевтың сөзінше, кандидаттарды іріктеу жұмысы әрбір өңірде партия ішіндегі дауыс беру арқылы жүргізілді.
Елнұр Бейсенбаев , «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Осы тізімге енген азаматтардың барлығы өңірлерден жеңіп келген азаматтар. Біздегі басты принциптер ашықтық, әділдік және жаңару саясатын біз алдымызға қойып отырмыз.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Айта кетейін, бұған дейін 4 партия, яғни Ақ жол, ЖСДП, «Байтақ» және Қазақстан халық партиясы құжаттарын өткізген. Енді Орталық сайлау комиссиясы барлық құжаттарды тексеріп, оларға үміткер куәлігін береді. Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 18 ақпаннан басталады.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24