Алматы облысында жеті балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады
Қазақстандық сейсмологтар Алматы аймағында жеті балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Әсіресе, Алматы аумағы. Өйткені мұнда 1887 және 1911 жылдары күшті жер сілкінісі болған. Қазіргі таңда мегаполисте дүмпудің орташа мерзімі бойынша қорытынды әзірленді. Картаға сәйкес, жер сілкінісінің болжамы жасалды. Сондай-ақ, сейсмология институтының мамандары Түркияның Анадолы таулы аймағына қатысты да пікір білдірді. Жойқын жер сілкінісі болған жер планетадағы ең белсенді және сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі. Онда күшті жер сілкінісі бұрын да болған.
Ақкенже Сейілханова, «Сейсмология институты» ЖШС ғылыми қызметкері:Әлемдік әдістерді қолдану арқылы біздер есептеу жасаймыз. Қазір бүкіл әлемде мұндай аспап жоқ. Жер сілкінісі осындай уақытта болады, мынандай күшпен болады және осындай уақытта болады деген. Осы жылға жасалған болжам бойынша қарқындылығы жеті балдан аспайтын жер сілкінісі біздің болжамдар бойынша жоқ деп айта аламыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17