Алматыда 11 жастағы қыздың асқазанынан 1 кг шаш алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 11 жастағы қыздың асқазанынан 1 кг шаш алынды

06.02.2023

Алматылық дәрігерлер 11 жасар қызға шұғыл операция жасап, асқазанынан бір келі шаш алып шықты. Жеткіншектің іші ауырып, бір апта бойы құсып, тәбеті болмаған соң, медициналық көмекке жүгінген. Тексеру кезінде, ас қорыту жүйесінен бөгде зат анықталып, «асқазанның трихобезоары» деген диагноз қойылған. Дәрігерлер науқасқа операция жасап, ұзындығы 16 см, салмағы бір келіге жететін шаш пен жүннен жиналған затты алып тастаған. Қалалық «Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының» мәліметінше, мұндай жағдай сирек кездеседі. Бұл биыл тіркелген алғашқы жағдай.

Саматбек Әбдіманапұлы, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бөлім меңгерушісі:

Негізі жылдап пайда болады ғой. Айлап. Бір күнде бір аптада пайда болмайды. Балада жағымсыз әдеттер болған ғой. Шашын тістеп, шайнап жұта берген ғой. Үйіне осы аптаның аяғында шығарамыз.


Хабарламаларға жазылу