Қарағанды облысында алқабилер соты қараған істер саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында алқабилер соты қараған істер саны артып келеді

06.02.2023

Қарағанды облысында алқабилер соты қараған істер саны артып келеді. Былтыр сот отырыстарына небәрі 9 сотталушы алқабилердің араласуын сұраса, биыл бір айдың ішінде олардың саны 12-ге жеткен. Жаңа жылдан бастап елімізде алқабилер сотының құзыреті 30 қылмыс құрамына дейін кеңейді. Қарағандыда мемлекеттік айыптаушылардың біліктілігін шыңдап, білімін жетілдіру үшін семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оған жоғары оқу орындарының заң факультетіндегі студенттер де қатысып, тәжірибелік дағдыларды игерді.

Ақниет Мұса, 3-курс студенті:

Соттық және прокурорлық қызмет мамандығында оқып жатқандықтан бізге бұл семинар өте маңызды. Семинар сабағында сот процесін көзбен көрдік, естідік, талқыладық.

Ғалымжан Мұқанов, облыстық Прокуратура басқармасының басшысы:

Сот істерін халықаралық талаптарға сай етіп жетілдіру үшін арнайы реформа сатылы түрде жүргізілуде. Соның аясында алқабилер соты дамып келеді. Алқабилер сотына мүше ретінде қарапайым азаматтар тартылады. Сол арқылы соттың әділ өтуі қамтамассыз етіледі. Мұндай соттарда мемлекеттік айыпталушылар қылмыстық істі деректі, дәйекті, әрі қарапайым адамға түсінікті етіп дәлелдеуі қажет. Бұл өз кезегінде ізденісті, білімін жетілдіріп отыруды қажет етеді.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу