Маңғыстау облысында тың жобаларға 250 млн теңге грант бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында тың жобаларға 250 млн теңге грант бөлінді

06.02.2023

Маңғыстау облысында жаңа бизнес идеяларды қолдау үшін 250 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы 50-ге жуық тың жобаны жүзеге асыруға грант ретінде беріледі. Жеке кәсіпкерлердің өтінімін арнайы комиссия саралайды.

Негізінен өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, өнімді сақтау және тасымалдау, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы тың бастамаларға басымдық беріледі. Ал былтыр осы мақсатта небәрі 20 млн теңге қарастырылып, 4 жоба қаржыландырылған.

Олжас Көшкінбаев, жеке кәсіпкер:

Далада жатқан малдың жүнінен өңдеп, үйге киетін аяқ киім мен жамылғы көрпе дайындау. Соған байланысты жоба дайындап, 5 млн грант ұтып алдым. Өте қуаныштымын. Сол 5 млн-ға 2 кондырғы сатып алдым. Біреуі компьютерлік сырып тігетін машина, ал екіншісі жүн жуатын қондырғы. Қазіргі уақытта тапсырыстар жағы жақсы, дамып жатырмыз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу