Шымкент қаласында бірнеше аймақты су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында бірнеше аймақты су басу қаупі бар

06.02.2023

Шымкент қаласында 10 гидротехникалық құрылыстың, 4 ірі өзен мен 27 каналдың жағдайы бақылауға алынды. Өзендерде су деңгейі төмен. Еріген қар мен жаңбыр суы құйылатын қоймалар әзірге 65 пайызға толған. Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті билік құм салынған 40 мың қап дайындап, су басу қаупі бар аймақтарға жинаған. Тасқынының алдын алу мақсатында қала аумағынан 63 мың текше метр қар шығарылды. Тікұшақпен әуеден шолу кезінде Забадам, Елтай елдімекені, Тұран мөлтек ауданында табиғат апатынан қауіп бары анықталды. Қазір бұл учаскелердегі каналдар, ирригациялық жүйелер мұз бен қоқыстан тазартылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 30 қаңтардан бастап тәуліктік кезекшілік ететін штаб ұйымдастырылған. Су тасқыны кезінде төтенше жағдайға қарсы тұру үшін 535 құтқарушы, 101 техника, 17 қайық пен 78 мотопомпа дайын тұр.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу