Жапондықтар Семейдегі аспалы көпірден ақау тапты
Жапондықтар Семейдегі аспалы көпірден ақау тапты. Күншығыс елінен келген мамандар оның техникалық жағдайын бірнеше ай бойы тексерді. Нәтижесінде, өткелді ұстап тұрған негізгі аспалары коррозияға ұшырағаны белгілі болды. Көпірдің металдан жасалған бөліктері мен бекитін тұстарында ақау көп. Ал асфальт жабынын толықтай ауыстыру қажет. Өткел қолданысқа берілгеніне 23 жыл болса да жөндеу көрмеген. Оған қоса техникалық жағдайы да осыған дейін тексерілмеді. Сондықтан, Күншығыс елінің мамандары оны толықтай жөндеуге көмектеседі. Қазір жергілікті әкімшілік нысанды жаңғыртудан өткізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеуде.
Димитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:
Жапондықтар өз технологияларын қолданады. Құралдар мен қажет материалдарды да әкелмек. Аспалы көпірдің құрлысын кезінде күншығыс елінің мамандары жүргізген. Сондықтан олар жөндеу жұмысын да толықтай өздері атқаруға ниетті.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның басты қағидаты»
07.09.2026, 11:09
Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
07.09.2026, 10:43
Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары пысықталды
07.09.2026, 10:40
Президент Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 10:31
Талдықорғанда IT мамандарын даярлауға арналған білім кампусы ашылды
07.09.2026, 10:03
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы басталды
07.09.2026, 10:01
Германияда су тапшылығы күшейді
07.09.2026, 10:00
Индонезияда жанартау атқылап, 8 әуежайдың жұмысы тоқтады
07.09.2026, 09:59