Чилиде 14 мың гектар орман алқабы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде 14 мың гектар орман алқабы өртенді

04.02.2023

Чилиде 14 мың гектардай орман алқабы күлге айналған. Өрт ошақтарының саны 40-қа жуықтайды. 4 адам көз жұмды. Жарақат алғандар да бар. Жүздеген баспанаға зақым келген. Бірнеше ауданның тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Лапылдаған жалын тас жолдардағы көлік қатынасын тоқтатқан. Өртті сөндіруге сарбаздар да жұмылдырылды. Оттың тез тарауына 38 градус ыстық пен күшті жел себеп болып отыр. Болжамдарға қарағанда, жел күшейіп, жағдайды одан әрі қиындата түсуі мүмкін.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу