Мағжан Жұмабаевтың шығармалары цифрлық форматқа көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мағжан Жұмабаевтың шығармалары цифрлық форматқа көшірілді

03.02.2023

Алаш ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармалары цифрлық форматқа көшірілді.

Петропавлдағы облыстық кітапхана қызметкерлері туындылардың электрондық нұсқасын әзірлеу үшін 15 жыл бойы еңбектенген. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев туралы кітаптарды да, интернеттен тауып оқуға болады. Әлемдік желіге 70 әдебиет жүктелді. Биыл біртуар тұлғаның 130 жылдығы аталып өтпек. Осыған орай, «Біздің Мағжан» атты көрме ұйымдастырылды. Көпшілік назарына бірегей мұрағат құжаттары, ақын өлеңдері мен мақалалары жарияланған газеттердің түпнұсқалары мен сирек суреттер ұсынылды.

Қайыржан Мәлікова, облыстық кітапхананың бөлім басшысы:

Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында мобильді кітапхана біздің жас оқырмандарымыз үшін, жастарымыз үшін таптырмас бір құрал деп есептеймін. Кез келген оқырман смартфоннан QR-кодты сканерлеу арқылы Мағжанның шығармаларын оқи алады.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу