Биыл Қазақ телевизиясына - 65 жыл
Биыл Қазақ телевизиясына - 65 жыл. Осы уақыт аралығында қара шаңырақ - Ұлттық арнаның халқымыздың рухани құндылықтарының дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Осы арнада 22 жыл бойы тер төккен танымал журналистердің бірі, Құрмет орденінің иегері - Ұлбосын Айтөлен. Ол «Қазақстан», «Шарайна», «Ақшам» ақпарат бағдарламасында, әдеби-драмалық хабарлардың Бас редакциясында еңбек етті. Ақпаратты-сазды «Шапағат» бағдарламасында редактор, комментатор қызметтерін атқарды. «Дүниежүзі Қазақтарының түңғыш құрылтайы», «Дінмұхамед Конаев» атты хабарлары Қазақ телевизиясының «Алтын қорында» сақтаулы.
Мерейтой қарсаңында алматылық әріптестер телевизия ардагерінің үйіне арнайы барып, құттықтады.
Ұлбосын Айтөлен, телевизия ардагері:
Мен қазақ телевизиясын жанымдай жақсы көремін. Себебі онда ең әдемі сәттерім, өмірімнің кезеңдері өтті. Қандай тамаша адамдармен таныстым телевизия арқылы. Телевизияның ардагерлері атанған әріптестерімді осы мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын. Қолдарыңнан қалам түспесін, мен ылғы айтамын, журналистің жұмысы жүрегі тоқтаған күні тоқтайды деп.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05