Маңғыстау облысында тұрғындар аммиактың иісіне тұншығып отыр
Маңғыстауда Басқұдық ауылының 40 мыңға жуық тұрғыны химиялық иіске уландық деп шағымданды. Айтуларынша, елді мекеннің жанындағы арыққа сол маңдағы зауыт аммиак төгеді. Салдарынан тұрғындар түрлі тері аурулары мен тыныс жолдары сырқатына шалдыққан. Себебі, жағымсыз иіске тұншыққандарына 10 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында құзырлы органдарға бірнеше рет шағымданған. Экологтар сынама алып, судың құрамынан күкірт, аммиак, нитрит сияқты адам ағзасына зиянды заттардың шектен тыс екенін анықтады.
Гүлсімай Боранбаева, Басқұдық ауылының тұрғыны:
Мына «ҚазАзот» мекемесі бізді неше жылдан бері улап жатыр. Аммиак қалдықтарын жіберіп отыр. Аллергия, түрлі бөртпелер, экзема, мұрын бітелу сияқты ауру көп. «ҚазАзоттан» құбырларын алып тастауды талап етеміз. Каналдың иесінен мына каналды жабуды талап етеміз.
Елді мекен жанындағы канал арқылы қаланың тазартылған кәріз суы Қошқар ата улы көліне құйылады. Экологтардың айтуынша, енді бұл арықтың қажеті жоқ. Ал аталған зауыттың құбыры жер асты суына арналған. Ал «ҚазАзот» басшылығы құбырды мұнай компанияларының біріне немесе радиациялық көлге дейін жүргізуге уәде берген.
Ержан Жұмашев, облыстық Экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:
Қалаға каналдың қазір керегі жоқ. Жер ластанып жатыр. Меншік иелерін сол жердің барлығын тексеріп, тазалауға, сосын сот арқылы рекультивация жасауды міндеттейміз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17