Нұр-Сұлтан қаласында бүгін екі бірдей өрт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында бүгін екі бірдей өрт болды

06.08.2019

Елордада бүгін екі бірдей өрт болды. Таң сәріде «Үлкен Шанхай» базары аумағында қойма тұтанып, 30 сауда орны жанған. 500 шаршы метрге таралған отты құтқарушылар 45 минуттың ішінде сөндіріп үлгерді. Барлығы 44 адам мен 12 техника жұмылдырылды.

Түс ауа Тұран көшесі бойындағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты. Үшінші қабатта тұтанған өрт 200 шаршы метрді шарпып үлгерген. Өрт сөндіру жұмыстарына 9 техника 41 құтқарушы жұмылдырылды. Абырой болғанда екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ.

 

Марғұлан Аманбаев, Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы:

Өрт сөндірушілер бұл ғимаратқа 3 минуттың ішінде келді. Өйткені осы Тұран бойында біздің өрт сөндіру депосы орналасқан. Келген кезде жанып жатқан төбе шатыры екенін анықтады. Бәрі ағаштан жасалған. Бірінші себеп жаңағы шатыр жұмыстарын жүргізу. Келесі бетінде шатыр жұмыстарын, ремонт жұмыстарын жүргізген. Содан шығуы мүмкін деп отырмыз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу