«Digital Almaty» форумы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Digital Almaty» форумы жалғасуда

03.02.2023

Алматыда өтіп жатқан халықаралық «Digital Almaty» форумында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары бас қосты. Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь пен Ресей өкілдері күн тәртібіндегі төрт маңызды мәселені қарады. 

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:  

Бес елдің үкімет басшылары алдымен стартаптар аллеясын аралап, көрмеге қойылған жобаларды тамашалап, соңынан пленаррлық отырыста бас қосты. Жиында мемлекеттерге ортақ IT-саланың мүмкіндері талқыланды. Күн тәртібіндегі 4 мәселе - шексіз мемлекеттік қызметтер, транзакцияларды оңтайландыру, жаңа технологиялар және айти бизнес саласын дамыту.

Кеше форумға қатысушылар Қазақстандағы майнинг индустриясы, мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы, білім беру мен құқық қорғау саласындағы киберқаупсіздік сынды маңызды бағыттарды талқылаған. Мемлекеттік органдар мен түрлі компаниялар арасында келісім-шарттар жасалған еді. Ал бүгін Astana Hub Battle технологиялық марафоны, стартаптар көрмесі мен робототехника чемпионатының жеңімпаздары белгілі болады. Digital Almaty Awards IT-сыйлығы табыс етіледі. 

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу