Жұмысшылар құқықтарын қорғауға қатысты жаңа нормалар енгізілді
Елімізде жұмысшылар құқығын қосымша қорғауға қатысты жаңа нормалар енгізілді. Сенат еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдады. Құжат еңбек дауларын реттеп, келіссөздер үрдісін ұйымдастыруға қатысты заңнаманы жетілдіру үшін әзірленіп отыр. Жаңа түзетулер кәсіподақтардың рөлін реттеуге де қатысты. Жиналыстар немесе қандай жағдайда ескерту ереуілдерін өткізуге болады деген сұрақтарды да қамтиды. Заң аясында келісу және татуластыру комиссиясының мәртебесі күшейтіледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:Соған сәйкес әзірленген бұл заң осы саладағы отандық заңнаманы жетілдіруді көздейді. Жалпы дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдану – құқықтық саясатты дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Осы заң арқылы жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі қайта қаралады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17