25 шетелдік байқаушы аккредиттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 шетелдік байқаушы аккредиттелді

02.02.2023

Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында партиялардың аймақтардағы филиалдарын тіркеу және халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері қаралды

 Азамат Бейбітұлы, тілші:

Дархан, әуелі бүгін халықаралық сайлау күні екенін айта кетейін. Бұл еліміздегі сайлау ұйымдастырушылары үшін кәсіби мереке десек те болады. Ал, бүгінгі жиын - сайлау науқанына байланысты бесінші отырыс екен. Өзің айтқандай екі мәселе қаралды. Біріншісі "Қазақстан" Байтақ" жасылдар партиясы мен "Республика партиясы" еліміздің барлық өңіріндегі партия тізімдері бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Қаулы бір ауыздан мақұлданды. Енді, екі саяси партия да мәслихаттарға партиялық тізімдерін ұсынуға толық құқылы. Күн тәртібіндегі екінші мәселе – байқаушылар тізімі. Сыртқы істер министрлігі сайлауды байқауға қатысу үшін халықаралық және парламентаралық ұйымдарға, Қазақстандағы дипломатиялық корпусқа тиісті шақырту жіберді. Нақтырақ, 34 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарына шақырту жөнелтілген. Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясына 1 шет мемлекет пен 2 халықаралық ұйымнан 25 байқаушының кандидатуралары аккредитеуге ұсынылды. Және ұсыныс қабылданды. Жалпы, жоспар бойынша сайлауға 330 байқаушы келеді деп күтілуде. Бұл алғашқы ұсынылған кандидатуралар. Алдағы уақытта ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді байқаушылардың қатысу саны өзгеріп, толығып отырады. Дархан, жиыннан кейін БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг ұйымдастырылды. Ондағы ақпараттарды алдағы жаңалықтарда тарқатып айтатын боламыз.

Хабарламаларға жазылу