Шығыс Қазақстан облысында интернет алаяқтықпен айналысқан топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында интернет алаяқтықпен айналысқан топ ұсталды

01.02.2023

Шығыс Қазақстан облысында ұзақ уақыт интернет арқылы алаяқтықпен айналысқан топ ұсталды. Криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілерден 250-ден астам ұялы телефон мен түрлі байланыс операторларының 600-ге жуық sim картасын және банк карталарын тәркіледі. Интернет арқылы елді алдап жүрген Өскемен қаласының 28 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оның жанында 22 және 27 жастағы көмекшілері болған. Күдіктілер әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, алданған азаматтардың атына қымбат тұрмыстық техника рәсімдеуді әдетке айналдырған. Кейін ол тауарды ломбард пен комиссиялық дүкендерге арзан бағаға өткізіп жүрген. Бүгінге дейін осы алаяқтарға алданған 109 адамнан арыз түсті. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу