Қоғам пікірі: Бәсекелестік - саяси белсенділікті арттырады
Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихаттар сайлауына қатысатын партиялардың көптігі олардың саяси белсенділігі мен бәсекелестігін арттырады. Бұл сайлаушылардың талап тілегін түгел қамтуға және демократиялық үдерістерге негіз болмақ, -дейді Шымкент қаласының тұрғындары.
Арман Әлиев, өнер қайраткері:
Можаритарлық жүйе деп арнайы жастарға квота бөлінді белгілі бір пайызда. Сосын әйел азаматтарға деп жатыр. Енді Мәжілісте, мәслихатта жастар отырса, әйелдер отырса, мен ойлаймын, бәрінің мәселесі айтылатын депутаттар шоғырланады деген үміт бар.
Фархад Балқыбек, қала тұрғыны:
30 пайыз квота негізінде әйелдерге, жастарға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл деген жастарға қолдау. Қазіргі кезде сайланушылар қатарынан жастарды да көруге болады. Қазір қаншама білімді жастар бар. Олар елдің болашағына қызмет етіп жатса, онда жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болады.
Назарбек Үсіпахметов, әзіл-сықақ және сатира театрының директоры:
Биылғы сайлаудың үлкен көрінісі - партиялардың көптігі болып тұр. Билікке жеткізе алмай жүрген халықтың ішіндегі көп арман мақсаты, ойлары болса, осы кісілер арқылы жеткізеді. Сонан соң әр партияның жоспарындағы нәрсесін билікке тікелей жеткізеді деген ойдамын.
Ілесхан Сманов, зейнеткер:
Сайлауда 7 партия болған соң, әр партияның өз ойы бар, меніңше, халықтың жағдайын жақсарту, экономикалық мәселелер ең негізгілер болып есептелетіні рас қой.
Баршагүл Исабек, ғылым кандидаты, ОҚМПУ бірінші проректоры:
Бұрын 7 пайыз болса шек, қазір 5 пайызға төмендетілді. Мұның өзі партиялық ұйымдардың көбірек қатысуына мүмкіндігі бар деген сөз. Ал партия көп болса, демократия көбірек болады деген ұғымды білдіреді деп ойлаймын. 7 саяси партия қоғамдағы рөлін көрсету үшін, халық үнін еститін партиялар болады деген үміттеміз.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті
25.10.2025, 18:01
Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды
25.10.2025, 17:33
Мәдениет және ақпарат саласы үздіктеріне мемлекеттік награда табысталды
25.10.2025, 17:32
Президенттің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
25.10.2025, 17:32
Н.Ахмедова Әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
25.10.2025, 17:30
Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі өтіп жатыр
25.10.2025, 17:30
Абай облысында жаңа саябақ ашылды
25.10.2025, 17:30
Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды
25.10.2025, 17:30