Тұрғындардың проблемасын шешу маңызды - Премьер-Министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғындардың проблемасын шешу маңызды - Премьер-Министр

31.01.2023

Алматы, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында тұрғындардың проблемасын шешу көрсеткіші төмен. Бұл туралы Премьер-Министр айтты. Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында оң нәтиже бар. Жалпы тұрғындар тарапынан шағым көп. Олар әсіресе құрылыс, көлік және коммуникация, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мәселелеріне қатысты. Енді мемлекеттік органдардың тиімділігі «Халықпен кездесу» индикаторы бойынша бағаланады. Өткен жылы Цифрлық даму, Еңбек, Энергетика және Төтенше жағдайлар министрліктері тұрғындармен кездесулерді сапалы ұйымдастырған. Ал Индустрия министрлігі екі облыста кездесу өткізбеген. Энергетика және Ішкі істер министрліктері де, халықпен жүздесуде салғырттық танытқаны белгілі болды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Оған вице-министрлерді де тарту қажет. Бұл азаматтарды көбірек қабылдауға мүмкіндік береді. Әкімнің өзі аудандарға жиі шығып, халықпен кездесіп тұратын болады. Бұл қатысушылар санын айтарлықтай арттырып, көп мәселені шешуге мүмкіндік береді. Есептерге қарасақ, әкімдермен кездесулерде проблемалардың шамамен 99 пайызы шешімін табады.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу