Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі қалыптасады – халық пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі қалыптасады – халық пікірі

31.01.2023

«Алда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы - саяси жүйені түпкілікті қайта жаңғыртып, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастырады. Ең бастысы - сайлауда жеңіске жеткен жаңа есімдер - жаңаша қадаммен, ел болашағына оң өзгеріс әкелеріне сенім мол. Қарапайым тұрғындардың пікірі - осындай.

Ертең осы сайланған депутаттар біздің елдің өркендеуіне ат салысады. Иә, дауыс беремін. Еліміз кішкене өзгеруі керек. Ауылдар сол күйі жатыр, сол ауылдың халі өзгеруі керек. Жаңашылдық болу керек деп ойлаймын.

Халықтың әл-ауқатын көтеретін жаңа заңдар қабылданғанын қалаймын. Ашық болғаны сыбайластыққа да, таныс-тамырмен емес, осылай ашық болғаны жақсы. Кез келген адам қатысу ол дұрыс деп ойлаймын. Жаңа Қазақстан болған соң бәрі жаңадан сайлану керек, нақты-ақты шешім қабылдану кекрек, созбалай бермей деп ойлаймын.

Алдағы өтетін сайлау еліміз үшін маңызды. Бұрынғы сайлауға қарағанда ерекше. Атап айтқанда, халық ішінен өзін ұсынуға мүмкіндігі бар.

Бұл сайлаудан мен көп нәрсе күтемін. Осы сайлау арқылы біздің қоғамымыздағы білімді, белсенді, адал, ел үшін қызмет ететін азаматтарды Парламенттен, жергілікті мәслихаттан көргім келеді.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу