Ақтауда ұлттық орталық мамандары операция жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ұлттық орталық мамандары операция жасады

31.01.2023

Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары Ақтауда мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған науқасқа операция жасады. 39 жастағы азаматқа медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер Маңғыстау облысына арнайы барды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл оқыс оқиға 2 апта бұрын болған. Көпқабатты үйдің 6 қабатынан біреулердің лақтырған жиһазы ер адамның үстіне түсіп, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Жан сақтау бөлімінде жатқан науқастың аяқ-колы істемей қалған. Дәрігерлердің айтуынша, алдағы уақытта оны бөлімшеге шығару жоспарланып отыр.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу