Жылыжайдағы қияр-қызанақтың үсуі көкөніс құнына әсер етпейді - Жұманғарин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылыжайдағы қияр-қызанақтың үсуі көкөніс құнына әсер етпейді - Жұманғарин

30.01.2023

Көмір тапшылығынан өнімі үсіп кеткен жылыжайлардың иелеріне мемлекет қолдау көрсетеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Еске салсам, екі апта бұрын Түркістан облысының Сарыағаш және Қазығұрт ауданындағы шаруалар жылыжайды жылытуға көмір таппай қалған еді.

Салдарынан тонналаған өнім жарамсыз боп қалды. Қатты отын тапшылығынан диқандар көкөніс өсіруді кешіктіруге мәжбүр. Енді оларға жеңілдетілген несие беру, көмірді тікелей жеткізуді жолға қою сияқты шаралар атқарылып жатыр. Сонымен қатар несие төлемдерін шегере тұру мәселесі де қарастырылады.

Нұржігіт Мырзахметов, Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие алған екен 3 млрд теңгеге жуық. Осы 3 млрд теңге несиелерінің төлеу уақтысын бір жылға созып беріп, оларға екіншіден мемлекет тарапынан жеңілдетілген 2,5 пайыз несие беріп жатыр қазір. 6 пайыздық несиелер бар қазір, өнімді қазіргі таңда осы жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етіп, жұмыстарын ары қарай жалғастыру жағын қарастырып жатырмыз.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу