Жамбыл облысында толықтай автоматтандырылған жылыжай іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында толықтай автоматтандырылған жылыжай іске қосылды

13.04.2016
Жамбыл облысында толықтай автоматтандырылған жылыжай іске қосылды
Жылыжайдағы жұмыс процесі толықтай автоматтандырылған технологияға қосылған. Көкөністің тамырына дәрумендер мен су тамшылатып беріледі. Ал, қызанақтың гүлдерін Израильден арнайы алдырған аралар тозаңдандырады.

Жылыжайдағы температура, ылғалдылық пен көмірқышқыл газының мөлшері бастан-аяқ компьютермен басқарылады.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу