Иранда болған жағдайдан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі осылай деп мәлімдеді. Еске салсақ, сенбі күні Иранның әскери инфрақұрылымдарында бірнеше жарылыс болды. Елдің қорғаныс министрлігі Исфахан қаласындағы әскери зауытқа дрондармен шабуыл жасалғанын растады. Олардың біреуі - құлатылған, ал екеуі жарылып кеткен. Шетелдік БАҚ- тардың дерегінше, қастандықты Израиль ұйымдастырған сыңайлы. Бұл елдің ақпарат құралдары Ислам Республикасына сәтті соққы берілгенін хабарлап отыр. Сондай ақ, Тегеранда да жарылыстар болды. Одан қаза тапқандар жоқ. «Әл-Арабия» телеарнасының хабарлауынша, Израиль Иранның әскери өнеркәсібін жою операциясына кірісті. Тель-Авив болса, бұған қатысты түсінік бермей отыр.
Арыстан Рысбек