Абай облысында жеке меншік үйлердің аумағында өрт жиілеген
Абай облысында жылыту маусымы басталғалы жеке меншік үйлердің аумағында өрт жиілеген. Тек жер үйлердің өзінде 200-ден астам оқыс оқиға тіркелді. Оған қоса 21 адамға иіс тиіп, бір жасөспірім көз жұмған. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін, облыстағы Төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы ауқымды акция ұйымдастырды. Бір күнде 200 үйге улы газды анықтайтын құрылғыларды тегін орнатып берді. Сондай-ақ, мамандар аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұратын үйлердегі пеш пен жылыту құрылғыларының талапқа сай қолданылуын тексерді.
Алексей Штыкель, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Облыс бойынша алдағы уақытта улы газды анықтайтын тағы 700 құрылғы орнатамыз. Акцияға 900-ден астам маманды жұмылдырдық. Өрттің алдын алуға бағытталған шараны жылыту маусымы аяқталғанша әр сенбі сайын өткізбекпіз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58