Бір апта ішінде 5,5 мыңнан астам көлік заңдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір апта ішінде 5,5 мыңнан астам көлік заңдастырылды

30.01.2023

Бір апта ішінде 5,5 мыңнан астам адам шетелден жеткізілген көлігіне қазақстандық нөмір алды. Оларға жаңа техникалық құжат берілді. Жалпы көлікті заңдастыру бойынша 28 мыңдай азаматтың өтініші алдын ала мақұлданды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, шетелдік автокөліктерді тіркеу 23 қаңтарда басталған еді. Бұл бойынша өтінішті е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады. Ереже бойынша көлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек. Заңдастыру науқаны биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу