Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік тіркеуде тұрған 10 500-ден астам автокөлік заңдастырылды. 23-ші қаңтардан бері Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 15 мың 635 тұрғыннан өтініш түскен. 1 шілдеге дейін берілген өтінімдер 31 желтоқсанға дейін ғана қаралады.
Жақсылық Кенбай, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы:
Көп деп айта алмаймын, күніне бізге қазір шамамен 5-6 өтінім беріледі. Тәртіптері сол қалпы қалған. Көлік Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1-ші қыркүйегіне дейін кіргізілген болуы керек.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстан облысында 10 мыңнан астам көлік заңдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/185849/)