Қазақстан нарығында саудаланатын тауар үшін кәсіпкерден ілеспе құжат талап етілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан нарығында саудаланатын тауар үшін кәсіпкерден ілеспе құжат талап етілмейді

27.01.2023

Қазақстан нарығында саудаланатын тауар үшін кәсіпкерден енді ілеспе құжат талап етілмеуі мүмкін. Қаржы министрлігі бұйрық жобасын ашық үкімет порталына жариялады. Құжатта тауарға ілеспе құжат 10 ақпаннан бастап ЕАЭО елдеріне экспорт-импорт кезінде, ал 1 сәуірден бастап акцизделетін өнімге ғана қолданылады деп жазылған. 

Демек, құжат қадағалануға жататын тауарлар мен Экономикалық одақ елдеріне тасымалданатын жүктің жекелеген түріне ғана жазылады. Былтыр Қаржы министрлігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ілеспе құжат ресімдеу жөніндегі міндетті түбегейлі қайта қарау үшін меморандумға қол қойған. Мамандар бұл шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмысын жеңілдетеді деп есептейді. Бұған дейін кәсіпкерлер үшін есеп кезеңінде тауарға ілеспе құжат және виртуал қоймамен жұмыс істеу қиынға түскен. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу