«Amanat» партиясы сайлауалды бағдарламасын жасауға кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы сайлауалды бағдарламасын жасауға кірісті

27.01.2023

Сайлауалды бағдарламаға енгізілген ұсыныстар тікелей халықтың арыз-талабы бойынша жасалады. Бұл туралы «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев айтты. Ол бүгін республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты. Қазір сайлау туралы заңға сәйкес, қоғамдық қабылдаулар, халыққа көмек беру, кеңес беру жұмысы уақытша тоқтатылған. Осы аралықта партия азаматтардан тек ұсыныс-тілектер жинап, сараптаумен айналысады.

Елнұр Бейсенбаев, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Біздің сайлауалды бағдарламамыз тек қана бағдарламамен ғана емес, үлкен жол картасымен көмкерілетін болады. Жол картасында нақты іс-шаралар тізімі болады. Қашан, қандай жерде мектеп салынады, қандай мәселені қалай шешеміз. Жалпы, біздің сайлауалды бағдарламамыз осындай концептуалды тәсілдерден тұрады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу