Францияда 75 мың адам ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда 75 мың адам ереуілге шықты

22.01.2024

Францияда «көші-қон» туралы жаңа заңға қарсы ереуілге 75 мың адам қатысты. Елдің түпкір-түкпірінде 160 наразылық акциясын ұйымдастырғандар заңдағы мигранттардың құқын шектейтін тұстарды алып тастауды талап етіп жатыр. Ел Парламенті былтыр желтоқсанда миграцияны реттеу туралы заңды бекіткен болатын. Босқындардың отбасымен қосылуын, мемлекеттен әлеуметтік көмек алуын қиындататын заңға бірқатар депутат қарсы болып, Конституциялық кеңестен заңның күшін жоюды сұраған. Кеңестің шешімі 25 қаңтарда жарияланбақ.


Элен, шеруге қатысушы:

Әсіре оңшылдар Францияда қаралар мен арабтарды көргісі келмейді. Мен Францияда тудым, жасым 30-да. Түрім қара болғанымен, өзімді француз деп есептеймін. Сондықтан мұндай заңға жол жоқ.

Кароль Ларду, қоғамдық ұйым белсендісі:


Ақ, қара, сары деп Францияның жік-жікке бөлінгенін қаламаймын. Сол үшін ереуілге шықтым. Бұл адам құқын шектейтін, демократияға қайшы заң.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу