Еуропалық одақ босқындарды елдеріне қайтармақ
Еуропалық одақ босқындарды өз еліне қайтаруға басымдық бермек.
Одаққа мүше 27 мемлекеттің көші-қон жөніндегі министрлері Стокгольмдегі кездесуде осы мәселені талқылап, «мигранттарды елдеріне қайтару» туралы стратегияны мақұлдады. Жаңа ережеге сәйкес, халықаралық қорғауға зәру емес елдердің азаматтары Еуроодақта бас сауғалай алмайды. Бірден елдеріне қайтарылады. Еуропадан оралған азаматтарын қабылдауға құлықсыз елдерге қатаң жаза тағайындау қажет, дейді министрлер.
Frontex шекаралық бақылау агенттігінің мәліметінше, былтыр Еуроодаққа 330 мың заңсыз мигрант келген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 64 пайызға көп.
Ильва Йоханссон, Еуропалық одақтың ішкі істер жөніндегі комиссары:
Заңсыз келушілердің дені – халықаралық қорғауға зәру емес мемлекеттердің азаматтары. Марокко, Мысыр, Тунис, Бангладеш, Пәкістан, Түркия, Куба, Үндістаннан келгендер. Оларды жедел түрде елдеріне қайтаруымыз керек. Себебі, біз соғыстан қашқан 4 млн украиндықтарды қабылдадық. Бәріне пана табу оңай емес.
Мария Мальмер Стенергард, Швецияның көші-қон жөніндегі министрі:
Миграцияға келгенде халықаралық ынтымақтастықты, дипломатиялық қатынастарды нығайтып, барлық саяси құралды іске қосуымыз керек. Еуроодақтан қайтарылған босқындарды қабылдауға құлықсыз үшінші мемлекеттерге виза рәсімдеуде шектеу қою туралы ұсыныс енгізсек болады.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35