Көмір тапшылығы меселесі: Түркістан облысына 49 вагон қатты отын жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көмір тапшылығы меселесі: Түркістан облысына 49 вагон қатты отын жеткізілді

27.01.2023

Түркістан облысында көмір тапшылығы біртіндеп шешімін тауып келеді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың айтуынша, қазір Сарыағаш пен Арыс қаласындағы темір жол тұйығында 1617 тонна көмір қоры бар. Бұдан бөлек, кеше ғана 49 вагон қатты отын облыс аумағына жеткізілген. Оның 39-ы Сарыағаш, 6-ы Түркістан қаласына, ал қалған 4 вагоны Манкент станциясына түсірілді. Сондай-ақ, оған тағы қосымша көмір тиелген 347 вагон жолда келе жатыр, деді шенеунік.

Айта кетейік, қаңтар айының басында күн күрт суытып, өңірдегі аудан қалалардың тұрғындары ақшасына көмір таппай қиналған болатын. Әсіресе, шаруалар жылыжайларын жылыта алмай, өнімдерін үсік шалған еді. Ал көмірді дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етпеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев пен жауапты басқарма басшылары сөгіс арқалағаны белгілі.

Арман Жетпісбаев, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Министрлік және темір жолмен басшыларымен, кен орындарының басшыларымен келіссөздер өткізіліп, Түркістан облысына көмір жеткізуді ұлғайту туралы келісімге келдік. Негізгі бөлігі Сарыағаш ауданына жіберілетін болды. Қасында Келес ауданы бар, ары қарай Мақтаарал, Жетісай аудандары бар. Шардара ауданының азғантай бөлігі осы Сарыағаштан алады. Сол себептен біз Сарыағашқа, жаңағы айтып өткен жылыжайлардың негізгі орналасқан жері Сарыағаш, Келес аудандары.


Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу