Астана іргесіндегі Қажымұқан ауылында бір-біріне көмектесіп жатқан 10 көпбалалы отбасы тұрады. Бірнеше жыл бұрын «Адал жүрек» әлеуметтік жобасын қолға алып, өзара қолдау, ізгілік сезімін ояту бағытында бірнеше жобаны жүзеге асырып жатыр. Балалар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге белсенді атсалысуда.
Балалар киіз үйдің кішігірім нұсқасын мектептен тыс уақытта жинайды. Бұл қажымұқандықтар қолға алған «Адал жүрек» жобасының жемісі. Ауылдағы жер үйді жалға алған олар баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге белсенді атсалысып жүр.
Ламбриан Топузидис, тілші:
Бұл киіз үйді балалар жарты сағаттың ішінде жинап үлгерді. Бұл кішкентайларымыз үшін үлгі-өнеге. Олар ішіне кіріп ойнайды, дәстүрді талқылайды.
Қайырқан Нұрлан, оқушы:
Шәкәрім атаның өлеңдерін жаттап, соларды талқылап айшықтаймыз оларды. Және Мәшһүр Жүсіп атаның Адам ата мен Хауа ана туралы хикаяларды тыңдап талқылаймыз.
Батырхан Жүзбаев киіз үй тігуді Алматыға барып үйренген. Ол жақта 40 күндей болып, ата-бабамыздан қалған тарихи жәдігердің әр бөлшегін мұқият зерттеген. Енді міне, қазақтың байырғы дәстүрін ауылға кеп жаңғыртуды қолға алып отыр.
Батырхан Жүзбаев, ауыл тұрғыны:
Наурыз кезінде ашық сабақ ретінде көрсеткенбіз. Балаларға ұнады. Қызық болды. Олар ондайды көрмеген. Киіз үйді бірнеше рет көріп тұрған , мұғалімнің өзі бірінші көріп тұр екен киіз үйді, қалай жинағанын. Қызық болды.
Бұл дүниелердің барлығы жергілікті шеберханада жасалады. Өнімдерге сұраныс мол. Бір отбасыдай болып мал ұстап, одан ет, сүт алады.
Өркен Тұрғынбаев, ауыл тұрғыны:
Қыста енді 10 литрдей сүт шығып жатыр. Сатылымға емес, өзімізге. Қолдың айран, сүті, өзімізге құрт, май дегендей айран балаларға.
«Адал жүрек» жобасының түпкі мақсаты – адал еңбек ету арқылы көпбалалы отбасылардың жағдайын көтеру.
Айдын Ізбасар, жоба жетекшісі:
Ең алғаш осы жобаның аясында тегін картоп өсіріп, оны тегін үлестіретін едік. Ондағы мақсат адамдарды еңбекке баулу, осы әлеуметтік жобаларға үйлестіру, одан кейін осы көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесу.
«Көп түкірсе, көл» дегендей, осы көктемнен бастап, ауыл азаматтары асарлатып үй салуға кіріспек. Бұл қайырымды істе де ешкімнен қаржылай көмек күтпей, өз күштерімен қолға алуды жоспарлап отыр.
Ламбриан Топузидис