Қостанайда есірткі таратушы студенттер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда есірткі таратушы студенттер ұсталды

26.01.2023

Қостанайда полиция жедел-іздестурі шаралары барысында есірткі таратумен айналысқандарды ұстады.

Олар облыс орталығындағы колледждердің бірінің студенттері болып шықты. «Жазаның ауырлығына қарамастан жасырын жерлерге қойып кету арқылы есірткі тарату тиылмай тұр» дейді құқық қорғаушылар. Мысалы қылмысы дәлелденсе мұндай әрекетке барғандар 10-15 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленеді. Қолға түскен студенттер есірткі заттарын көпқабаттың үйлердің кіріберісіндегі пошта жәшіктеріне тығып кетіп отырған. Тексеру кезінде студенттерден ақ ұнтақ салынған 50 түйіншек табылды. Сонымен қатар тұрып жатқан жалдамалы пәтерлерін тінту барысында 192 грамм «мефедрон» синтетикалық есірткісі табылған.


Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу