Маңғыстау облысында жалған транзитпен 22 көлік әкелген
Маңғыстау облысында шетелден заңсыз жолмен көлік әкелу дерегі әшкереленді. Экономикалық тергеу департаментінің мәліметі бойынша, 3 авто тасымалдағышқа тилген 22 көлік Грузия мемлекетінен Қазақстан арқылы Өзбекстан еліне жеткізілуі тиіс болған. Алайда, жалған транзит ұйымдастырылып, көліктер діттеген жеріне бармаған болып шықты. Құрық порты арқылы өтіп, ел аумағында сатылып кеткен. Салдарынан мемлекетке, алдын ала есеп бойынша, 98 млн теңге шығын келтірілді. Экономикалық контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көліктер қайда және кімге сатылғаны анықталып жатыр.
Әлібек Дүзелбаев, облыстық Экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі:
Арнайы базаға жалған деректер енгізіліп, аталған автокөліктер Өзбекстан Республикасына өтіп кеткені туралы деректер енгізілген. Алайда, біздің тергеу амалдарының және де жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында, аталған автокөліктер Өзбекстан Республикасына өтпегендігі, яғни осы автокөліктер Қазақстан Республикасы аумағында сатылып кеткендігі анықталды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ шолу: Португалия – Өзбекстан
24.06.2026, 17:30
Aqsham Talks алаңында кітап болашағы талқыланды
24.06.2026, 17:27
Реформаларға арналған кітап пен аналитикалық жинақ шықты
24.06.2026, 17:25
«Айбын – 2026»: Зияткерлік ойындар өтті
24.06.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 17:18
Халық кеңесі мен Құрылтай құрылады
24.06.2026, 17:15
Ресей дизельді отынды экспорттауға тыйым салмақ
24.06.2026, 17:12
«Ақтау – Доссор» автожолын жөндей бастады
24.06.2026, 17:10