Таразда баланы 1,5 млн теңгеге сатпақ болғандар ұсталды
Тараз қаласында медицина қызметкерлері жаңа туған нәрестені 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған. Қазір күдіктілер қамауда отыр. Олар босанған әйел баласынын бас тартатынын естіп, сәбиді делдал арқылы асырап алғысы келетін адамға сатуға келіскен. Бұл іске қатысы бар барлық адам анықталып жатыр. Ал, медицина қызметкерлері 9 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал кішкентай нәресте қазір балалар үйінде.
Жамбыл Сматов, қала прокуроры:
Біздегі ақпаратқа сай анасы баласынан бас тартатын болғандықтан, ол жерде медицина қызметкерлері соны өздері пайдаланып, пайда табу және өзінің ниетін жеткізу мақсатында, 1,5 миллион теңгеге сатылған. Ол жерде әрқайсысының қаражаттан үлесі бар. Сол себептен екі медицина қызметкерінің үлесі анық табылды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Нұрдос Болатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті
29.11.2026, 20:00
Республика бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
29.11.2026, 10:15
Бүгін елімізде мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
29.11.2026, 08:00
ШҚО-да спорт кешені ашылды
27.11.2026, 20:27
Мәслихат сайлауына дайындық аяқталды
27.11.2026, 20:07
«Бәйтерек» холдингі 2027 жылы экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды
27.11.2026, 20:06
Қазақстанның төрағалығы кезінде Арал қорына $170 млнға жуық қаржы тартылды
27.11.2026, 20:05
Халық пікірі: «Халықтық құрылыс» – өңір дамуының өзегі
27.11.2026, 20:04