Мәжіліс сайлауы саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына ықпал етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс сайлауы саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына ықпал етеді

24.01.2023

Алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді. Саяси науқанға қатысты пікірімен бөліскен тұрғындардың пікірі осындай.

Аман Рахметулин, қоғамтанушы:

Қоғамның демократиялық дамуына, саяси партиялардың дамуына, олардың қатарының көбеюіне, сапасының артуына ерекше мән беріліп жатыр. 2004 жылдан бері іске аспай келе жатқан жеке тұлғалардың депутаттыққа өзінің кандидатурасын ұсынуы осы жолы жүзеге асайын деп тұр. Мемлекеттің дамуын әрбір адамның қажеттілігімен ұштастыра білетін қоғамды қалыптастыруымыз керек.

Мұхтар Әбдікәкімов, әлеуметтанушы:

Партиялық жұмыс, қызметтің жүзеге асуына үлкен қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Партия арқылы халық құндылықтарды қорғау, оны мемлекеттің құлағына естіртуді жүзеге асырады. Халықтың арасында пікір қалыптасып жатыр. Бұл –демократияға деген қозғалыстың үлкейіп, кеңейе бастағандығын көрсетеді.

Сәуле Тілеуова, зейнеткер:

Қазіргі сайлауда өзін өзі ұсыну процедурасы да енгізілген. Адам өзіне сенімді болғандықтан, халық соны қолдап, қорғайтын болғандықтан өзін өзі ұсынған тұлғалар шығады деп ойлаймын. Ол да жақсы. Адам өз өзіне сенімді болса, білімді, іскер, айтқан сөзін дәлелдеп, мақсатына жете алса, оларды неге қолдамасқа?!

Гүлжан Сүгірбаева, ОҚМПУ ректоры

Саяси жүйедегі жаңа сайлау демократиялық өзгерістерге әкеледі деген сенімдеміз. Соңғы сайлауда 30 пайыз әйелдер қауымына, жастарға үлкен көңіл бөлініп жатыр. Әйел адамдар саясаттағы рөлінің артқаны қуантады. Және жаңа сайланған депутаттар халық мүддесін қорғайды. 


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу