Семейде үшінші жылу электр орталығы салынады
Семейде үшінші жылу электр орталығы салынады. Аягөз, Курчатов шаһарларында кәріз тазарту жүйелерін салу да жоспарда бар. Үкімет отырысында Абай облысын дамытудың 5 жылға арналған кешенді жоспары пысықталды.
Дарын Сағитов6 тілші:
Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту кешені жоспарының бюджеті 2 трлн теңгеге жуық. Олардың басым бөлігі – жеке инвестициялар. Туризм саласын дамыту аясында Семейде екі жаңа сауда ойын-сауық орталығы мен қонақ үй кешенін, сондай-ақ Алакөл жағалауында демалыс базасын салу жоспарланып отыр. Жылу көздерін, электр және сумен жабдықтау желілерін, кәріз-тазарту құрылыстарын, күре жолдар мен көпірлерді реконструкциялау, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу бойынша жобалар көзделген. Үкімет басшысы кешенді жоспар жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Жаңадан құрылған облыс сапалы дамуға жаңа серпін алады. Ұлттық экономика министрлігі мен облыс әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге кешенді жоспардағы іс-шаралардың дер кезінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
Сонымен қатар «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» теміржол учаскесі, тау-кен байыту комбинаты, «Айдарлы» мыс кен орнын игеру, ет комбинаты, «құрғақ» порт және логистикалық парк сияқты ірі жобалар іске асырылады. Кешенді жоспар өңірдегі өнеркәсіп көлемі мен ауыл шаруашылығы өнімін 1,5 есеге, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың 3,5 есеге өсуін қамтамасыз етпек. Ауқымды іс-шаралар аясында 14 мың жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09