Түркістан облысында көмір тапшы: басшыларға сөгіс жарияланды
Түркістан облысында көмір тасымалында кемшілікке жол берген басшылар сөгіс арқалады. Отын тапшылығы проблемасын сөз еткен облыс басшысы жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдері өз жұмысына салғырт қараған дейді. Осының кесірінен қарапайым халық пен жылыжай иелері қиналды. Салаға жауапты орынбасары мен басқарма мамандарына кәсіп иелерімен кездесіп, көмек беру жолдарын қарастыруды тапсырды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасы тасымалдаушылармен тиісті келіссөздер жүргізіп, тез арада көмір жеткізуді ұйымдастыруы тиіс. Жұрттың көмір таппай, суық үйде бүрсең қағып отырғанын біз бұған дейінгі жаңалықтарымызда айтқан едік. Ал жылыжайларда қыруар өнім үсіп кетті.
Дархан Сатыбалды, облыс әкімі:
Трейдерлер қаржысын төлеген. Бірақ осы күнге дейін көмірін ала алмай отыр. Сондай-ақ, аудан және қала әкімдері өздеріне жүктелген міндеттерді төмен деңгейде орындап, салдарынан тұрғындар қиналып отыр. Осыған байланысты бірінші орынбасарыма және Энергетика, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшыларына сөгіс жариялаймын. Аудан, қала әкімдері және жергілікті полициямен бірлесіп, арадағы алыпсатарларға заң аясында шара қолданып, делдалдық схемаларға жол берілмесін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14