Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында 12 млн адам дауыс бере алады
19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына 12 миллионға жуық адам қатысып, дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Нақтырақ айтқанда 11 976 406 азамат электронды тізімге енген. Бұл 1 қаңтардағы жағдай бойынша. Ең көп сайлаушылар Түркістан облысында. 1 млн 177 мың. Ал электорат саны ең аз аймақ Ұлытау облысы. 138 мыңнан аса адам сайлауға қатыса алады. Егер де сайлаушылар өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде дауыс беруді қаласа онда 17 ақпанға дейін әкімдіктерге өтініш беруі керек. Одан кейін әкімдіктер әрбір сайлау учаскесі бойынша тізімдерді Орталық сайлау комиссиясына жолдайды. Ал 4 наурыздан бастап дауыс берушілердің учаскелер бойынша тізімі көпшілікке қолжетімді болмақ. Кез келген адам оны алдын-ала тексере алады. Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі жиынында саяси додаға байланысты оқыту мәселелсі де қаралды. Ол бірнеше кезең бойынша өтпек. Онлайн және оффлайн тәртіпте болады. Комиссия мүшелерімен қатар партия өкілдері, байқаушыларға да арнайы сабақтар жоспарланған. Онда науқанның тәртібі жіті түсіндіріледі. Өткен Президент сайлауында жалпы саны 82 мыңнан аса адам оқудан өтіпті. Сонымен қатар жиында сайлау учаскелерінің саны да айтылды. 10 215. Дегенмен бұл қазіргі мәлімет. Сайлау жақындаған кезде бұл сан әлі де өзгеруі мүмкін.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09