Шымкентте білім басқармасы қызметкері балабақшаны тексеру кезінде пара алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте білім басқармасы қызметкері балабақшаны тексеру кезінде пара алған

23.01.2023

Шымкент қаласындағы білім басқармасының қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды.

Бас маман қызметіндегі лауазымды тұлға балабақшаларда жүргізілген тексеру қорытындысын оңды етіп жазып беремін деген уәдемен бірнеше рет пара алған. Ол тергеу кезінде қылмыс жасағанын толық мойындады және 800 мың теңге пара алғаны анықталды. Күдікті қазір үйқамақта. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу