Түркістан облысында еңбек дауына байланысты тұрғындардан 700-ден астам шағым түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында еңбек дауына байланысты тұрғындардан 700-ден астам шағым түскен

11.09.2020

Түркістан облысы Еңбек инспекциясы басқармасына жыл басынан бері еңбек келісімшартының бұзылуына байланысты 734 арыз-шағым түскен. Соған сәйкес 192 тексеру жүргізілді. Басқарма басшысы Берік Ибадуллаевтың айтуынша, тексеріс нәтижесінде 200-ден астам заң бұзушылық анықталып, жалақының кешіктіріліп берілгені туралы 5 шағым қанағаттандырылған. Бүгінде әлі екі мекеме өз жұмысшыларына 41 миллион теңге берешек.

Берік Ибадуллаев, Түркістан облысы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

- Биыл келіп түскен арыз-шағымдарда көбіне жалақы төлеу мерзімінің, еңбек шартының, жұмыс уақыты нормасының бұзылуы және еңбек демалысын уақытылы бермеу мәселелері көтерілген. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 208 заң бұзушылық анықталған. Оның 186-сы жойылды не заңға сәйкестендірілді. Қалғандарының орындау мерзімі бар.

Шымкентте алты бірдей мемлекеттік қызметші жемқорлығы үшін істі болды. Оның ішінде мемлекеттік санитарлық инспектор сот шешімімен 6 жылға қамалды. Ол карантин кезінде базарларда азық-түлік өнімдерін кедергісіз саудалаған кәсіпкерлерден пара алған. Сондай-ақ құлқынын тыя алмаған әл-Фараби ауданы кәсіпкерлік бөлімі және мәдениет басқармасы бастығының орынбасары да жаза арқалады.

Хабарламаларға жазылу