Бұл сайлауда жастарға басымдық беріледі - экономист - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұл сайлауда жастарға басымдық беріледі - экономист

21.01.2023

Депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастар мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу - еліміздегі саяси жүйе ашықтығының айқын дәлелі. Бұл тұтас қоғамның Парламентке деген сенімін де нығайта түспек.

Озық білім алған, жалындаған жастарға жол ашып, мүмкіндік беру - өркениетті елдердің табысты тәжірибесі. Алматылық экономист Мақсат Сералы алдағы саяси науқанның берер нәтижесін жоғары бағалап отыр. Айтуынша, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы оң өзгерістер мен саяси жаңғыруға жол бастайды.

Мақсат Сералы, экономист:

Бұл сайлауда, меніңше, жастарға қатты көңіл бөлінеді. Соның ішінде экономикалық мәселелерді көтере алатын, қаржылық сауаттылығы жоғары деңгейдегі азаматтар қатысуы керек, өйткені қоғамда әлеуметтік мәселелер өте көп. Соның барлығын шешу үшін мәжілістің келесі лебі экономикалық-әлеуметтік жағдайға тығыз байланысты болады.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу