Елімізде жұмыс істемейтін, білім алмайтын жастардың қатары 500 мыңнан асты
Елімізде жұмыс істемейтін, білім алмайтын жастардың қатары жарты миллионнан асты. Ал былтыр «NEET» санатындағы жастар саны 207 мың болған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді.
Себебі жастар санаты 35 жасқа дейін ұлғайғанына байланысты көрсеткіш те өсті. Өткен жылдары 14-29 арасындағы жастар саналса, қазір 14-35 жас аралығындағы жастар болып есептеледі.
Данияр Қадыров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:Олардың құқықбұзушылыққа бару себебі – жұмыссыздық. Бұл – кешенді мәселе. Олар оқымайды, бос уақытын текке өткізеді. Үкімет тарапынан жасалып жатқан бағдарламалар бар. Жастар ресурстық орталықтары ашық, ол жерде тегін анықтамалар беріледі.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігі мәселесімен айрықша айналысып жатқаны айтылды. Вице-министр бүгінде ашық порталда «Масс-медиа туралы» ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасы талқыланып жатқанын еске салды. Жұртшылық пікірін тыңдау 27 қаңтарға дейін жалғасады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30