Білім мекемелеріне директорлыққа қабылдау онлайн эфир арқылы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім мекемелеріне директорлыққа қабылдау онлайн эфир арқылы өтті

20.01.2023

Түркістан облысында білім мекемесіне директорлыққа үміткерлермен әңгімелесу кезеңі әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Бұл - кандидаттар арасындағы байқауды әділетті өткізу үшін қолданылған әдіс. Бүгінде облыс бойынша бірқатар мектеп, колледж және балабақша директорының орны бос тұр. Ол жерге бірінші басшы тағайындау үшін байқау жарияланып, үміткерлерді таңдайтын комиссия құрамына осы саланың білімді азаматтары шақырылған. Болашақ директорлармен әңгімелесу кезеңін әлеуметтік желіде көрсету әдісі байқауға қатысушыларға да ұнады. Таңдау ашық форматта өткен соң барлығы әділетті болады дейді олар.

Әлішер Райымқұлов, Колледж директорлығына үміткер:
Ашық жұмыс істеп жатыр. Барлығы келіп, өздерінің білімдерін көрсетуде. Комиссия құрамында 6-8 мың адам бар. Өзінің пікірін айтып, солардың сұрақтарына жауап беріп, келешекте сондай болса, бұл даму үшін прогресс.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу