Қазақстандағы саяси реформалардың ауқымы кең - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы саяси реформалардың ауқымы кең

20.01.2023

Наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы - тұрақты әрі дамыған әлем құру жолындағы маңызды қадам. АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм осындай пікірде. Оның ойынша, қос мемлекет барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі. Қазақстан Президентінің азаматтық қоғам құрудағы батыл бастамалары ел демократиясының дамуына оң әсер етеді, - дейді елші.

Дэниел Розенблюм, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Қазақстанда Президент Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан жүйелі шараларды байқап отырмын. Бұл жобалар қоғам игілігі үшін, тұтас елдің дамуына септігін тигізері анық. Әрине, реформалардың нәтижесі - оның табысты жүзеге асуында. Осы тұрғыдан АҚШ тарапы ауқымды саяси бастамаларды құптайды.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу